Қырғызстанда экс-премьер Джоомарт Оторбаев қамауға алынды

Қырғызстанда елдің бұрынғы премьер-министрі Джоомарт Оторбаев қамауға алынды.

Ол Кумтор алтын кен орнын игеру жобасын жүзеге асыру кезіндегі сыбайлас жемқорлықпен байланысты тұтқындалған.

Тергеу «Оторбаев қызметін пайдаланып, экологиялық сараптама жасау кезінде мемлекеттік комиссияға қысым көрсетті» деп айып тағып отыр. Ол шетелдік компания мүдделерін қорғап Лысый мен Давыдов мұздықтарын жоюды бұйырған. Тергеу жалғасуда. Іске қатысты тағы бірнеше шенеунік қамауға алынған.