Пәкістанда 5,7 балдық жер сілкінісі болып, 15 адам қаза тапты

Пәкістанның оңтүстік-батысындағы Белуджистан провинциясында жер сілкініп, 15 адам опат болды.

Тағы 200-ден аса тұрғын жарақат алған. 5,7 балдық зілзала ошағы Харнай қаласынан солтүстік-батысқа қарай 14 шақырымдай жерде тіркелген. Қазір апат аймағында іздестіру-құтқару жұмыстары жүріп жатыр. Билік қаза тапқандар мен жарақат алғандар саны артуы мүмкін деп отыр. Дүмпу кезінде қанша үй мен ғимараттың бүлінгені жайлы әзірге ақпар жоқ.

Сондай-ақ...