Ресей Тәжікстанда орналасқан әскери базасының техникалық жабдықталуын күшейтті

18-23 қазан аралығында Тәжікстан аумағында ҰҚШҰ Ұжымдық жедел әрекет ету күштерінің бірлескен оқу-жаттығуы өтті. Оған Қазақстан, Ресей, Тәжікстан, Беларусь, Қырғызстан әскери контингенттері мен Армениядан арнайы топ қатысты. Барлығы 4 мың әскери қызметші мен 500-ден астам техника жұмылдырылды. Қазақстандық әскерилер «Эшелон», «Іздеу» және «Өзара әрекет» үш жаттығуына қатысты. Оқу полигонына бақылаушы ретінде Сербия, Өзбекстан мен Моңғолия өкілдері келді.

Дана Нұржан, тілші:

-  Біз Тәжікстанның оңтүстігіндегі Момирак полигонындамыз. Осы тұстан Ауғанстан ат шаптырым жерде. Екі елдің шекарасы 1400 шақырым. Бірлескен оқу-жаттығу тәліптердің көрші елдерге ену жоспарын дайындады деген мәлімдемелрдің аясында өтіп жатыр. Осы жылдың қыркүйегінде «Талибан» қозғалысының ресми өкілі мың әскериін Тәжікстанмен шекара аумағына жібергенін мәлімдеген еді. Одан бұрын тәжік билігі тәліптер бақылауындағы топтар аумаққа басып кіруге дайын деген ақпарат алғанын жариялады. Тәліптер Кабулды алған сәттен бастап Тәжікстан шекара қауіпсіздігін күшейтті. 

Қазір Тәжікстанда екі полигонда жаттығулар қатар жүріп жатыр. Ресей мен Тәжікстан Куляб бағытында бірлескен іс-шаралар өткізді. Оқу-жаттығудың мақсаты - шекарадан өткен заңсыз қарулы құралымдардың жою тактикасын пысықтау. Бұған дейін әскерлердің жалпы дайындығын жақсарту үшін жаттығулар өткізілді. Енді олар шынынымен де өмірде мүмкін болатын сценарийлерге ұқсайды.

Евгений Поплавский, РФ Қорғаныс министрлігі Орталық әскери округі қолбасшысының орынбасары:

- «Талибан» Ауғанстанның Тәжікстанмен тікелей шектес солтүстік аймақтарында бөлімшелер құруға шешім қабылдады. Бұл әрине бізді алаңдатпай қоймайды және біз Тәжікстан Республикасының бөлімшелерімен бірлесіп тиісті шараларды қолға алып жатырмыз. Талибан енді барлық жеңілген қарақшыларды өз территориясынан қуып немесе жоюға тырысатыны анық.

Оқу-жаттығулар аңызына сәйкес, содырлардың шағын тобы Тәжікстанға кірді. Жаттығуларға қатысқан серіктес елдердің Ауғанстанның жаңа үкіметіне қатысты ұстанымдары бірдей емес. Қазақстан ең алдымен гуманитарлық мәселелерді шешу үшін тәліптермен байланыс орнатуға дайын. Ресей «Талибанды» террористік ұйымдар тізімінен шығару туралы шешімге жақындады; сонымен бірге Мәскеуде тәліптерді қабылдауда. Ал Тәжікстан болса тәліптермен келіссөздерге бармайтынын және олардың Кабулдағы билігін мойындамайтынын жариялады.

Шерали Мирзо, Тәжікстанның Қорғаныс министрі:

- Ауғанстан аумағында әрекет ететін террористік топтар осы елде билік басып алынғаннан кейін заманауи қару-жарақтардың үлкен көлемін алды, өз позицияларын едәуір нығайтты және оның аймақтағы деструктивті әрекеттердің плацдармысына айналуына жағдай жасады. Шекараларымызға жақын жерде қиындықтар мен қатерлердің сан алуан өсуін ескере отырып, терроризммен күресудің әскери аспектісі маңыздылығы мен өзектілігін арттыруда.

Бұл Момирактан оңтүстікке қарай 400 шақырым жерде, Харбмайдон полигоны. Дәл осы жерде апта бойы Ұжымдық күштердің кең ауқымды бірлескен жаттығулары өтті. Оқу-жаттығудың сценарийі бойынша барлау ұшақтары шекарадан өтіп бара жатқан содырларды анықтады. Жаттығуларға қатысушылар осы сценарий Ауғанстанда үкімет ауысқанға дейін дайындалғанын ескертті.

Марат Әбдіхалықов, ҚР Құрлық әскерлері Бас қолбасшылығы дирекциясының жауынгерлік даярлықты ұйымдастыру жөніндегі бас басқармасы бастығының орынбасары:

- Бүгінгі таңда біз 150 жуық әскерлермен қатысып отырмыз. Дайындық жоспар бойынша жыл басында болған. Бір жылдан бері дайындық жүріп жатыр. Активный фазада біздің әскерлер тапсырманы бұлжытпай орындады деп ойлаймын. 

Абылай Шілдебаев, ҚР Қарулы Күштерінің десанттық шабуыл бригадасы командирінің орынбасары:

- Еліміздің десанттық шабылдаушы әскерлері қатысуда. Қазіргі таңда біздің әскерлеріміз қойылған тапсырлмаларды орындауға дайындалып жатыр. Ауа райы ерекше болып жатқаны болмаса, қалған қиындықтармен біз өз елмізде де дайындық кезінде кездескен болатынбыз. 

Оқу-жаттығулардың нәтижелерін қорытындылап, Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Бас хатшысы Станислав Зась бұл әрекеттерді Ауғанстанға қарсы соғысқа дайындық деп санауға болмайтынын ескертті. Ұйым соғыстан, терроризмнен және есірткіден азат, бейбіт Ауғанстанды қолдайды. Дегенмен, ұжымдық күштер бұл шекара жақсы қорғалған жер екенін көрсетті. Ауғанстандағы жағдайдың нашарлауына байланысты Ресей Тәжікстанда орналасқан өзінің 201-базасының техникалық жабдықталуын күшейтті. Бұл базаның әскери контингенті шамамен төрт мың адам.