Түркияда парапланмен ұшқан адамдар апатқа ұшырады

Түркияның Олюдениз қаласында парапланмен ұшқан үш адам ауада соқтығысып, теңізге құлады.

Апатқа ұшырағандар – Халықаралық әуе ойындары фестиваліне келген қатысушылар.

Жалпы Фетхие қаласында ұйымдастырылған шараға әлемнің 60 елінен спортшылар келген. Қатысушылар Бабадаг тауынан 1500 метр биіктіктен  парапланмен секірген болатын. Апатқа ұшыраған спортшыларды жағажай күзеті құтқарып, ауруханаға жеткізді. Біреуінің ауыр халде жатқаны белгілі. Мамандар қалған екі адамның өміріне еш қауіп төніп тұрған жоқ екенін айтады.