Панамада түнгі клубтағы атыс кезінде бес адам қаза тапты

Панамада түнгі клубта атыс болып, 5 адам оққа ұшты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жетеуі жарақат алған. Тергеу мәліметіне қарағанда, қарулы жігіт, билеп жатқан адамдардың ортасына барып, жағалай оқ жаудырған. Көз жұмғандардың 3-еуі - атышулы қылмыстық топтың мүшесі. Қалғаны көңіл көтеру орнына келген көл-денең адамдар. Сарапшылар бұл,,, туристік елдегі түнгі клубта болған, ең сорақы, қанды оқиға дейді. Панама прокуроры, атыс есірткі саудасымен байланысты болуы мүмкін деп мәлімдеді.

Сондай-ақ...