Су тасқыны салдарынан балалар сабақтан қалды

Босния және Герцеговинада нөсер соңы алапат су тасқынына ұласты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Табиғат апатынан әсіресе ел астанасы Сараево қаласы қатты зардап шеккен. Шаһарда жолдарды су шайып кеткен. Салдарынан жергілікті мектептерде сабақ өтпей қалды. Балабақша да уақытша жұмыс істемейді. Қарттар үйінен ондаған адам эвакуацияланды. Қаланың көп ауданында жарық сөнді. Синоптиктер жаңбыр әлі тоқтамайтынын айтады.    

Суад Оманович, жергілікті тұрғын:

–Білуімше, шамамен 600 үйді су басқан. Қаншама тұрғын сусыз және жарықсыз үйлерінде қамалып отыр. Көбінің балалары бар. Жаңбыр әлі басылмайды дейді. Енді олардың жағдайы не болмақ?

Сондай-ақ...