Әлем елдерінде климатты қорғауға арналған шерулер өтті

Әлем елдерінде климатты қорғауға бағытталған ереуілдер өтті.

Ірі наразылық акциялары Австралия, Оңтүстік Корея, Нидерланд, Түркия, Индонезия мен Шотландияда ұйымдастырылды. Белсенділер түрлі жолмен жаһандық жылыну мәселесіне көңіл аудартты. Мәселен, Мельбурндегі шеруге қатысушылар қолдан жасалған коаланың қаңқасын алып шыққан. Климаттың өзгеруімен күреспесе, жануардың қандай күйге түсетінін көрсетпек болған. Глазгода да ереуіл басылар емес. Шотландияда қазір климаттық саммит өтіп жатыр. Жұрт көшеге саясаткерлердің маскаларын киіп шыққан.

Наразылық акциясына қатысушылар атмосфераға бөлінетін парниктің газдардың азаймай тұрғанына осы тұлғалар жауапты екенін білдірген. Кейбір тұрғындар көшеге шықпай-ақ шеруге қатысқан. Олар терезелерінен жиналған жұртқа қолдау көрсеткен.   

Ванесса Накате, ереуіл қатысушысы:

– Айналамызда болып жатқан өзгерістерге қарамастан, билік басындағылар жаңа көмір электр стансаларын ашып, мұнай құбырларын салып жатыр. Жанайқаймызға құлап асып жатқан ешкім жоқ. Біз көмірді жеп, мұнайды ішпейміз ғой. Саясаткерлер осыны қашан түсінеді екен?