Йеменде Араб Әмірліктерінде жұмыс істеп келген ерлі-зайыптыны жарып жіберді

Йеменнің Аден қаласында белгісіз біреулер бүтін бір отбасы отырған автокөлікті жарып жіберген. Салдарынан көлікте отырған жүкті әйел мен оның баласы қаза тапты.

Ал темір тұлпарды тізгіндеген отағасы ауыр жарақат алған. Қолда бар ақпарат бойынша көлікте болған ерлі-зайыптылар Біріккен Араб Әмірліктеріндегі телеарналардың бірінде қызмет еткен тілшілер. Йеменнің премьер-министрі  оқиғаны теракт деп атады. Әзірге қылмыстық іске қатысты жауапкершілікті ешбір лаңкестік ұйым өз мойнына алған жоқ. Тергеу ісі жалғасып жатыр.