Гаити президентінің өліміне қатысы бар күдікті ұсталды 

Түркияда Гаити президенті Жовенель Мойздың өліміне қатысы бар күдікті ұсталды.

Ол АҚШ-тан Иорданияға ұшып бара жатқан Самир Хандан есімді азамат болып шықты. Түрік тәртіп сақшылары, оны ұшақтан түсіп жатқан кезінде қолға түсірген. Жергілікті БАҚ өкілдерінің хабарлауынша, Хандан осы уақытқа дейін Интерполдың іздеуінде жүріпті. Қазір ол Ыстамбұлдың қауіпсіздік басқармасында.

Естеріңізге сала кетейік, шілденің басында белгісіз біреулер Жовенель Мойз резиденциясына шабуыл жасаған еді. Сол кезде Гаити президенті жарақаттанып қайтыс болған еді.