Украинада коронавирус өршіп барады

Қазір елдегі ауруханалар науқастарға лық толы, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Соңғы дерек бойынша қатерлі дерттен 838 адам көз жұмды. Бұл бір күнде тіркелген ең жоғары көрсеткіш. Ауруханалар мен жансақтау бөлімдері науқастарға лық толы. Дәрігерлер үзіліссіз 42 сағат жұмыс істеуге мәжбүр. Оның 24 сағаты ауруханада, қалған 18 сағаты қосымша құрылған шатырларда өтіп жатыр. Украинада вакциналау науқаны өте баяу. 41 миллион тұрғынның 21 проценті ғана екпе алған. Вакциналауды жандандыру үшін президент Владимир Зеленский толық вакцина салдырған тұрғындарға 1 мың гривна, яғни 17 мың теңге сыйақы төлеуге уәде берген. Ковидтің ауыр түріне шалдыққандардың 96 проценті мүлде екпе алмағандар екен. Оның үстіне алаяқтар 100 долларға жалған вакциналау куәліктерін сатып жүр.

Александр Молчанов, анестезиолог-реаниматолог:

– Әр науқастың жан тапсыруы бізді де қайғыға батырады. Көп дәрігердің шашы ағарып кетті, қаншамасы күйзелісте жүр. Біз робот емеспіз ғой.

Сондай-ақ...