Грекияда жалған сертификат ісіне қатысты 48 адамға айып тағылды

Грекияда прокуратура вакциналау сертификатын қолдан жасату туралы қылмыстық іске қатысты алғашқы айып тақты. Күдіктілер қатарында 48 адам бар.

Тергеу мәліметіне сәйкес, жалған құжаттардың барлығы бір медицина орталығында жасалған. Мекеме қызметкері медбикелердің бірінің екпе туралы дерекқорға кіретін құпиясөзін пайдаланса керек.

Жалпы Эллада елінде соңғы уақытта эпидахуал нашарлап барады. Өлім көрсеткіші күрт артқан. Сондықтан кешелі бері мұнда жаңа шектеу шаралары енгізілген. Мәселен, тұрғындар бұрынғыдай қоғамдық орындарда маска тағып жүруге міндеттеледі. Бұл ережелер 6 желтоқсанға дейін жалғасады.