Парижде Эйнштейннің қолжазбасы € 11,7 млн сатылды

Парижде Альберт Эйнштейннің қолжазбасы Christie's (Кристис) аукцон үйінде 11млн 700 мың еуроға сатылды. Бұл мамандар үшін күтпеген жағдай. Өйткені лот бастапқыда 3 млн еуроға дейін бағаланған еді.

54 беттен тұратын туындыда Эйнштейннің өз қолымен жазған құнды деректері бар. Онда атақты физик досы Мишель Бессомен бірге 1913-1914 жылдары жасаған зерттеулерімен бөліскен. Мәтін көптеген теңдеулер мен есептеулерден тұрады.

Қолжазбаны Эйнштейнің әріптесі, швейцариялық инженер Мишель Бессо сақтап, ұрпағына аманаттаған екен.