Ұлыбританияда үшінші доза салуға үндеп жатыр

Ұлыбритания билігі тұрғындарды желтоқсанның 11-іне дейін коронавирусқа қарсы бустерлі доза салдыруға шақырады, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Шара рождество мерекесі кезінде адамдардың вирусты жұқтырудан барынша қорғауға бағытталған. Себебі Еуропада індет қайта өршіп, шектеулерді қатаңдатуға мәжбүр. Оның үстіне зерттеулер екпе салдырғандарда 6 айдан кейін дертке қарсы иммунитет әлсірейтінін көрсеткен. Жалпы Ұлыбританияда қазірге дейін жасөспірімдер мен қарттардың 80 проценті толық егілген. Ал дертке қарсы үшінші дозаны 16 миллион адам алып үлгерген.