Боливияда су тасқынынан 8 адам қаза тапты

Боливияда толассыз жауын мен су тасқынынан 8 адам опат болды.

Табиғат апатынан елдің 9 аймағында қауіптің сарғылт түсі жарияланған. Жүздеген үй бүлініп, мыңдаған гектар егістік алқаптары су астында қалған. Билік апаттан жапа шеккендерге миллиондаған доллар бөліп, жан-жақты қолдау көрсетілетінін мәлімдеді. Қазір апаттың салдарымен күрес жүріп жатыр.