Финляндияда қоқыс өңдеу ісіне ақылды роботтар тартылды

Финляндияда қоқысты қайта өңдеу ісінде заманауи технология қолданыла бастады, деп хабарлайды Хабар 24.

Ел астанасы Хельсинки маңында жаңадан ашылған зауытта роботтар жұмыс істейді. Өйткені мұндай өндіріс орындарында жұмыс істеу адам үшін айтарлықтай қауіпті. Сондықтан ағаштан бастап пластик пен металлға дейінгі заттардың бәрін сұрыптау жұмысы  құлтемірлердің мойнына артылған, дейді жоба авторлары.

Харри Холопайнен, Zenrobotics-тің техникалық директоры:

– Бұл роботтар ешқашан шаршамайды. Іштері де пыспайды. Сондықтан оларды бұл іске таптырмас жұмысшы деуге болады. Бұған қоса, қоқыс арасында жарақат алуға болатын қауіпті заттар көп кездеседі. Сол себепті де адамдардың бұл жұмыспен айналыспағаны жақсы.