БҰҰ Меркельге жұмыс ұсынды

БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш Германияның бұрынғы канцлері Ангела Меркельге бүкіл адамзатқа пайда әкелетін жаһандық қоғамдық тауарлар бойынша жоғары деңгейдегі консультативтік органды басқаруды ұсынды.

БАҚ-тың хабарлауынша, Гутерриш Меркельге хат жазып, өзінің ұсынысын айтқан. Неміс үкіметінің бұрынғы басшысы хабарламаны алды ма, жоқ па, әлі белгісіз. Дегенмен ұйым Меркельдің келісетініне күмән келтіреді. 

Еске салайық, өткен жылдың желтоқсан айының басында Ангела Меркель Германия канцлері міндетін ресми түрде тоқтатты. Германия министрлер кабинетінің жаңа басшысы Олаф Шольц болды.

Ақпарат көзі: mir24.tv