Украинада эпидахуал ушығып тұр

Украинада жаңа жылдан кейін коронавирустың таралуы қайта күшейген. Соңғы күндері тәулігіне 10 мың адам вирус жұқтырып алған.

Дерттен көз жұмғандар жүздеп саналады. 

Дәрігерлердің айтуынша, ауруханаға жеткізілгендердің 95 проценті екпе алмаған. Жергілікті Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметіне сүйенсек, 2021 жылдың бірінші тоқсанында коронавирустан қайтыс болғандардың 95 процентінде екпе болмаған. Елде вакцина алуға жарамды 10 млн тұрғын екпе салдырудан әлі бас тартып келеді. Билік халықтың осы бөлігін ынталандыру үшін екпенің екі дозасын алған әр азаматқа 1000 гривень, яғни 16 мың 153 теңгеден бере бастады. Бірақ ақшаны тек театр, кино, көрме мен ішкі рейстегі пойыздың билетіне төлеуге болады.

Евгений, Киев қаласының тұрғыны:

- Қоғамдық орында жұмыс істеймін, сондықтан вакцинасыз аттап басу мүмкін емес. Қайта-қайта тестке ақша төлегенше екпе алып, еңбектенгенім ыңғайлы. Украинаның сертификаты Еуропада мойындалған сондықтан саяхаттауға ыңғайлы.