Үндістанда Sputnik Lite вакцинасы мақұлданды

Осымен бұл елде қолданысқа енгізілген 9 препарат, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазірдің өзінде аймақта «Спутник» вакцинасының екі дозасы да егіліп жатыр. Бұдан бөлек AstraZeneca, Moderna және Johnson & Johnson`s препараттары да пайдаланылуда. Жалпы Үндістанда күні бүгінге дейін екпе қабылдаған тұрғындардың қатары 900 млн-ға  жетіп отыр. Бұл халық санының 70 проценті.