Жаңа Зеландия халқы міндетті екпе егуге қарсы ереуілге шықты  

Жаңа Зеландияда міндетті вакциналауға қарсы шеру әлі де жалғасып жатыр.

Парламент ғимаратының алдына жиналған жүзден астам адам көшелерді қоршап алған. Наразылар билікке ковидке қатысты шектеулерді жеңілдету керек деген талап қойды. Шарада тәртіпсіздікке барған 50 адамды полиция қызметкерлері қамауға алды.

Жалпы, статистика бойынша Жаңа Зеландия халқының 94% егілген. Премьер-министрдің айтуынша, қалған 6 процент қана жергілікті биліктің міндетті екпе егу саясатына қарсылығын білдіруде.

Сондай-ақ...