YouTube Украинада ресейлік арналардың таралуын тоқтатты

Ал «Ютьюб» Украинадағы Ресей телеарналарының таралуын бұғаттады.

Бұл туралы өзінің әлеуметтік желіде Украинаның мәдениет және ақпараттық саясат министрі Александр Ткаченко хабарлады.

Шешім Украинаның осы органының өтініші бойынша қабылданған. Тыйымға енген арналардың ішінде Первый канал, Звезда, ТНТ, Россия сегодня, Рен ТВ және басқа да телеарналар бар.