Украинадағы ахуал: Путин мәлімдеме жасады

Украинадағы әскери инфрақұрылым нысандары толығымен талқандалуға жақын, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы Ресей президенті Владимир Путин мәлімдеді. Оның айтуынша, әскерилер ең алдымен қару-жарақ пен оқ-дәрі сақталатын қоймаларды, авиацияны және әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелерін тас-талқан еткен. Мемлекет басшысы сондай-ақ Украинадағы әскери іс-қимылдар кестеге сай жүріп жатқанын хабарлады. Және оған тек офицерлер мен келісімшарт бойынша әскери қызметкерлер ғана тартылғанын да жеткізді. Яғни жедел қызмет сарбаздары қатыспайды деді Ресей президенті.