Avia Traffic әуе компаниясындағы жарылғыш зат туралы хабар жалған болып шықты

Бұл туралы халықаралық «Манас» әуежайының баспасөз қызметі мәлімдеді. Қазір әуежай қалыпты жұмысын жалғастырып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Айта кетейік, бұған дейін Санкт-Петербургтен Бішкек қаласына келген ұшақтың бортында бомба бар деген ақпар тараған. Бұл туралы экипаж мүшесіне ресейлік жолаушы жеткізген. Айтуынша, бұл Украинадағы қарулы қақтығысқа қарсы әрекет ретінде ұйымдастырылған іс. Бұдан кейін экипаж борттағы төтенше жағдай туралы шұғыл диспетчермен байланысқан.