Ердоған Ресей мен Украина басшыларын кездестіруге күш салатынын айтты

Ал Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған қарулы қақтығысты тоқтату үшін Украина мен Ресей басшыларын кездестірмек, деп хабарлайды «Хабар 24».

Түркия басшысы бұл туралы НАТО саммиті аяқталған соң мәлімдеді. Ал Солтүстік альянстың басқосуының өз мақсаты барын және сол үдеден шықпағанын жеткізді.

Режеп Тайып Ердоған, Түркия президенті:

– Біздің бүгінгі саммите қабылдаған шешімдеріміз тек НАТО-ның қарсыласын тежеу жүйесі мен қорғанысын нығайтуға бағытталды. Біз альянстың Ресейге немесе басқа елдерге қауіп төндіру үшін бас қоспағанын тағы бір мәрте көрсеттік.