Шри-Ланкада жарықты бірнеше сағатқа сөндіріп қояды

Жолы жоқ, тұрақ жетіспеу секілді жыры бітпейтін біздің ел ғана емес екен.

Шри-Ланкада жарықты бірнеше сағатқа өшіріп қояды. Өйткені шетелдік валюта тапшылығы салдарынан билік отынды жеткізетін ақша таппай қалған. Үкімет енді Халықаралық валюта қорынан көмек сұрап отыр. Кейінгі екі жылда елдің валюта қоры 70 процентке азайыпты. Енді сондай-ақ электр энергиясын үнемдеу мақсатында миллионнан аса мемлекеттік қызмкеткерге үйден жұмыс істеуге кеңес берілді. Сонымен қатар көшедегі шамдарды да сөндіріп қоймақ.  

Думинда Карунаратне, дүкен иесі:

- Бизнесіміз тоқтап қалды. Өйткені тоңазытқыш істемегесін ет, балмұздақ немесе басқа да сүт өнімдерін сата алмаймын. Электронды таразыны да пайдалану мүмкін емес. Соның кесірінен қаншама тауарды өлшей алмай, дал болдық.