АҚШ-та адам геномы толық зерттелді

Алғаш рет адам геномы толық анықталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Атқарылған жұмыстың нәтижесі қартаю мен рак, ишемия, ақылдың кемдігі сияқты аурулардың түпкі себебін жақсы түсінуге мүмкіндік береді, – дейді америкалық ғалымдар. ДНҚ құрылысы мен қызметін зерделеуге бағытталған бұл іс 20 жыл бұрын басталған. Жаңаша және барынша сенімді түрде зерттеу жаңа технологиялардың көмегімен іске асқан.

Раджив Маккой, генетик:

– Білесіздер ме? Бұл бір ғана адамның геномы. Ол еуропалық. Осы жерде сонда ол жер бетіндегі барлық адамзаттың геномын бере ала ма деген сұрақ туады. Оған «иә» деп жауап беруге болады. Мұндай тұжырым медицинадағы зерттеулеріміз үшін маңызды.