Үндістанда COVID-19 жұқтыру дерегі азайып жатыр  

Әлемде індет басталғалы Үндістанда алғаш рет коронавирус жұқтыру деректерінің күндік көрсеткіші бір мыңға жетпеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы бүгін денсаулық сақтау министрлігі хабарлады. Соңғы тәулікте бұл елде 913 адам науқас деп танылған. Жағдайдың жақсаруына байланысты кей өңірлерде бетперде тағу талабы алынып жатыр.

Айта кетейік, бүгінге дейін Үндістанда 40 миллионнан астам азамат вирус жұқтырды. Тағы жарты миллиондай кісі инфекциядан қайтыс болды.