Мәскеуде көктемгі велофестиваль өтті

Спорттық шараға 30 мыңға жық адам қатысты.

Бұл пандемиядан кейінгі Ресей астанасында ұйымдастырылған бірінші велосипед фестивалі. Қашықтық 16 шақырым. Темір-ат тізгіндегендер Сахаров даңғылынан бастап Садовая айналма жолымен жүріп өтті. Осы бағдар бойынша көлік қозғалысына шектеу қойылып, қалада кептеліс пайда болды. Мұндай тосқауылға жаяу жүретін адамдар айрықша қуанды. Биыл Мәскеуде тағы 3 велошеру жоспарланған.