Мексика жағасынан 3 мигранттың денесі табылды

Олар мінген қайық апатқа ұшыраған көрінеді. Қайғылы оқиға Веракрус штатының маңында болған. 4 босқын жағаға аман-есен жеткен. Қазір ауруханада дәрігерлік тексерістен өтіп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тірі қалғандардың айтуынша, тағы 4 мигрант із-түссіз жоғалып кеткен. Оларды Жағалау күзеті іздестіріп жатыр.