Францияда парламенттік сайлаудың алдын ала нәтижесі жарияланды

Францияда кеше өткен парламенттік сайлаудың экзитпол нәтижесінде жасалған алдын ала қорытындысы жарияланды.

Мәліметке қарағанда Жан-Люк Меланшон бастаған солшыл партиялар блогы сайлаушылардың 25,7 процент, ал президент Эммануэль Макронның "Жаңару" одағы 25 процент дауысқа ие болған. Үшінші орында 19,3 процент дауыспен әсіре ұлтшыл Марин Ле Пеннің "Ұлттық майдан" партиясы келеді. Сайлауда 48 миллион адам өз таңдауын жасаған.

Айта кетейік, Францияда парламенттік сайлауда Ұлттық жиналыстың 577 депутаты сайланады. Екінші тур 19 маусымда өтеді. Тек осыдан кейін ғана сайлаудың ресми қорытындысы жарияланады.