Тблисиде ауқымды шеру өтті

Тұрғындар көшеге шығып, наразылықтарын білдірді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Наразылық акциясына мыңдаған адам қатысты. Арасында үлкені де, кішісі де бар. Жұрттың көшеге шығуының себебі – Грузияның Еуроодақ мүшелігіне үміткер мәртебесін ала алмауы. Осыған ашынған халық енді премьер-министрдің отставкаға кетуін талап етіп жатыр. Оппозиция өкілдері үміткер мәртебесінің берілмеуін сәтсіздік санаса, үкімет жарты жылда Еуроодақ тарапынан берілген ұсыныстардың бәрін орындайтынын айтып, жұртты сабырға шақырды.