Түркияда вирус жұқтыру жарты айда 3 есеге артқан

Коронавирус төрткүл дүниеге ортақ дертке айналды. Түрік жұртында да қазірге дейін 15 миллионнан астам тұрғын қауіпті індетті жұқтырып, сауықты. Түркиядағы жағдай қалай?

Коронавирус төрткүл дүниеге ортақ дертке айналды. Туыстас түрік жұртында да қазірге дейін 15 миллионнан астам тұрғын қауіпті індетті жұқтырып, сауықты. Біздегі бүгінгі тақырып қайта артқан коронавирус. Түркиядағы жағдай қалай?

Меруерт Қанағат, тілші:

- Түркия денсаулық сақтау министрінің сөзінше, соңғы 2 аптада коронавирусты жұқтырғандар саны 3 есе артқан. Ведомствоның ресми парақшасының таратқан мәлімдемесіне сәйкес, 13-19 маусым аралығында 11 мыңға жуық кісі ковид-19-ға шалдығып, 19 науқас көз жұмыпты. Дегенмен, елдің бас дәрігері Фахреттин Қожаның сөзінше, алаңдауға еш себеп жоқ. Көрсеткіш көп болғанымен ауруханаға келіп, емделушілердің жоқтың қасы. Қазіргі тараған коронавирустың белгілері кәдімгі тұмауға ұқсас деп, «қорқынышты кезеңді өткердік» деді.

Алайда министр егде жастағылар мен созылмалы ауруы барларды ескертіп, сақ болуға шақырды. Сақ болған дегенде екпелерді алып, таза жүр дегені ғой. Айтпақшы, елде екпенің қос дозасын 85% кісі қабылдапты. Ұжымдық иммунитет қалыптасты деген сөз.

Ал жалпы қазір туризм маусымы. Еліміздің азаматтарының көбі Жерорта теңізі жағалауында демалып жүр. Оларға қауіп жоқ деуге бола ма?

Меруерт Қанағат, тілші:

- Жаңа министрдің мәлімдемесін толық айтып шықтым. Алаңдауға орын жоқ дегені ел тұрғындары мен қонақтарына қатысты деп ойлаймын. Жалпы елде карантин ережелері толық алынып тасталған. Тек қоғамдық жерлерде қолға дезинфекция жасайтын сұйықтықтар әлі тұр. Бұл енді өміріміздің бір бөлшегіне айналған секілді. Ал халықаралық және қалааралық көліктерде, соның ішінде ПТР сынамасы бұрынғы секілді міндетті емес.

Сондай-ақ...