АҚШ-та ақ акула ер адамға шабуылдады

Калифорнияда ақ акула 62 жастағы ер адамға шабуылдады. Зардап шеккен адам көптеген жарақатпен ауруханаға жеткізілген, деп хабарлайды The Sun.

Оқиға Пасифик-Гроув қаласында болды. Жағажайдан ұзап кеткен Стив Брюммер акуланың шабуылынан соң көмекке шақырған. Куәгерлер тез арада көмекке келгенімен, ер адамды ауыр жарақаттан құтқара алмаған.

Дәрігерлер бірнеше күн бойы ер адамның өмірі үшін күресіп, жалпы есепте 14 литр донорлық қан қажет болған.   

Мамандар тіс іздеріне талдау жүргізіп, Брюммерге ұзындығы 6 метрді құрайтын ақ акула шабуыл жасағанын анықтады.

Оқиғадан соң билік өкілдері жағажайды уақытша жауып, акуланы дронның көмегімен іздеуге кіріскен. Алайда іс нәтиже берген жоқ.