Мадридтегі НАТО саммитінің бірінші күні қалай аяқталды

НАТО-ның Мадридте өтіп жатқан саммитінің бірінші күні аяқталды. Финляндия мен Швецияның альянсқа қосылуына қарсы болып келген Түркия ақыры өз келісімін берді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Енді НАТО шығыстағы бөлігін күшейткелі отыр.

Айта кетейік, Украинадағы соғыс басталғаннан кейін Стокгольм мен Хельсинки ұзақ уақыт бойы ұстанып келген саясатын өзгертіп, әскери блокқа кіруге өтініш берген болатын. Сондай-ақ аталған саммитте жаңа стратегиялық тұжырымдама мақұлданды. Ол құжатта Ресей «қауіпсіздікке елеулі және тікелей қауіп төндіріп тұр» деп жазылды. Бірақ НАТО-ның әрқашан келіссөзге дайын екені де ескертілді. Ал Қытай қарсылас емес, бірақ одан сақтану қажеттігі айтылды.

Йенс Столтенберг, НАТО бас хатшысы:

– Біз стратегиялық қарсыласу кезеңіне аяқ бастық. Мәскеу мен Бейжің қарым-қатынасы тереңдеп жатқанын байқап отырмыз. Қытай тарапынан қысым күшейіп келеді, одақтастар мен серіктестердің қауіпсіздігіне мән беруіміз қажет.