Жаңа Зеландияда шекарадағы барлық шектеу алынып тасталды

 Жаңа Зеландия бүгіннен бастап коронавирусқа байланысты ел шекарасын кесіп ету үшін енгізілген барлық шектеулерді алып тастады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы осы елдің Туризм министрі Стюарт Нэш мәлімдеді. Осымен бірге круиздік кемелер мен серуендеуге арналған қайықтарға қолданылған санитарлық шектеулер де жойылды. Бірақ карантин тәртібі алынғанымен шетелдіктер екпе салдырғаны жайлы құжат көрсетіп, 2 рет ПТР-тест тапсыруы тиіс. Жаңа Зеландияда коронавирусқа қарсы шектеулер биыл ақпан айынан бері жеңілдетіле бастады. 

1.Коронавирустан елге кіре алмай көп күттім. Содан шекара ашылатынын ести сала Австралия мен осында келуді  жоспарладым. Өте қобалжып тұрмын

2. Індеттен екі жылдан бері келе алмай туыстарымды көрмеп едім. Шекараның ашылғаны қандай жақсы болды. Қуанышым қойныма симай тұр.