Түркияда коронавирус өршіп тұр

Түркияда соңғы аптада 406 мыңнан астам адам ковид жұқтырып, 337 науқас көз жұмды.

Тәуліктік көз жұмғандардың саны өткен аптамен салыстырғанда 114%-ға көп. Бұл туралы елдің денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді.

Министрдің айтуынша, қазіргі коронавирус тұмау сияқты. Сондықтан алаңдауға негіз жоқ. Елдегі эпидахуал туризмге әсер ете қоймады. Жерорта теңізінің демалыс орындары қазірге дейін 16 миллионнан астам турист қабылдаған. Бір ғана Анталияның өзіне 6 миллионнан астам демалушы тұрақтапты. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 185% көп.

Сондай-ақ...