Болгарияда емен ағашының сирек түріне қауіп төнді

Болгария орманында өрт болып жатыр. Тілсіз жау қазірдің өзінде 100 гектар жасыл желек пен бірнеше үйді жалмап үлгірген.

Мамандардың айтуынша, жойылған ағаштардың арасында өте сирек кездесетін еменнің түрлері бар. Өрт сөндірушілер қатты желдің үлкен кедергі тудырып отырғанын айтады. Олар отқа оранған аумаққа беттеу мүлде мүмкін емес дейді. 

Николай Вулчев, өрт сөндіру бригадасының басшысы:

- Желдің екпіні өте күшті. Қолдан келгенше күресіп жатырмыз. От осылай өрши берсе, тас жолдарға дейін жетуі мүмкін. Тұрғындарға барынша сақ болған жөн! 

Францияда қарағайлы орман өртенді  

Францияда алапат өрт елдің оңтүстік-батысындағы қарағайлы орманға қауіп төндіріп тұр. ЖирОнда аймағында 6200-ден астам гектар аумақ отқа оранған. Кемінде 17 үй күлге айналған. Билік өңірдегі 10 мыңға жуық адамды шұғыл қауіпсіз жерге көшірді. Бордо қаласына баратын ірі автожол жабылды. Өрт сөндіруге 1 мыңнан астам маман мен 8 ұшақ пен 2 тікұшақ тартылған. Метеорологтар ауа температурасы 40 градустан асады деп ескертті.

Сондай-ақ...