Перуде 16 тонна есірткі өртелді

Перу астанасы Лимада 16 тонна есірткі өртелді. Зиянды зат ел бойынша жүргізілген әртүрлі операция кезінде тәркіленген.

Билік өкілдерінің мәлімдеуінше, бұлардың арасында кокаин, марихуана мен басқа да химиялық қоспалар бар. Біріккен Ұлттар Ұйымы Перу соңғы кездері есірткі өндіру бойынша алдыңғы орындағы Колумбиямен бәсекелесе бастағанын айтады. Елдегі коканың көп бөлігі адам мен техника жете алмайтын таулы аймақта өсіріледі. Сондықтан зиянды алқапты жою қиын дейді мамандар.

Абел Гамарра, Перу ішкі істер министрінің орынбасары:

- Есірткіні жою және қылмыстық топтармен күрес үздіксіз жүргізіле береді. Кока жапырағын өсіру, кокаин өндіруге шикізат дайындау, тарату, сату, жеткізу тізбегін түгелімен құртуымыз керек. Біздің үкімет осыған мүдделі.