Италияда Гарда көлі құрғап барады

Италияда құрғақшылық салдарынан Гарда көлі тартылып барады. Су деңгейі рекордты көрсеткішке дейін төмендеді.

Елдегі ірі туристік курорт жартасты жағажайға айналған.

Айта кету керек, Италияның солтүстігінде бірнеше ай бойы нөсер жауын болмаған. Мұндай көрініс Еуропаның бірқатар елдері – Ұлыбритания, Испания, Нидерланды мен Францияда байқалады. Кей аймақтар суды үнемдеуге көшкен.  

Барбара Баззоли, турист:

- Өткен жылмен салыстырғанда су деңгейі күрт төмендеп кеткен, тіпті арнаның қатпар тастары көріне батады. Бұрын су белден асып, сөмкемізді басымызға койып өтетінбіз. Ал, қазір мұнда биіктігі 25 метрге дейін жететін жартастар пайда болды. Мұндай жағдай бұрын-соңды болған емес.