Таиландта туристерге қатысты шектеу шаралары жеңілдейді

Таиландта 1 қазаннан бастап туристер үшін коронавирустық шектеу шаралары жеңілдейді. Билік туризм саласына қайта қан жүгірту үшін осындай шешім қабылдап отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жаңа тәртіпке сай елге келген меймандардан ПТР-тесттің теріс нәтижесі мен вакцинаны растайтын төлқұжат талап етілмейді. Ал ковид белгілері бар адамдар карантинде отырмайтын болады. Олар тек бетперде тағуға міндетті.