Хорватияда су тасқынынан бір адам көз жұмды

Хорватияның Риека қаласында бір күнде бір айлық жаңбыр жауды.

Соның кесірінен көшелер көлге айналып, тұрғын үйлерді су басты. Ондаған нысанға зақым келді. Арасында мектептер мен балабақшалар да бар. Тұрғындар лап қойған жаңбыр суынан қажетті нәрсемізді жинап үлгермедік дейді. Қазір олар жарамды дүниелерін алып, қауіпсіз жерге көшіп жатыр.

Айта кетейік, қаланы суға көлкіткен нөсерден зардап шеккендер саны әзірге белгісіз. Бір адам көз жұмды.