«Солтүстік ағын» құбырының аймағынан жарылғыш заттың қалдықтары табылды

"Солтүстік ағын" газ құбырының зақымданған аймағында жарылғыш заттың қалдықтары табылды.

Тексеріс жүргізген Швеция прокуратурасы бұл оқиғаны диверсия деп атады. Бірақ оны нақты кімнің ұйымдастырғаны белгісіз. Тергеу әлі жалғасып жатыр. "Солтүстік ағын" 26-шы қыркүйекте зақымданған еді. Салдарынан Дания мен Швецияның экономикалық аймағында апат болды. Газ құбырында 800 миллион текше метр көгілдір отын қоры сақталған. Бұл Дания халқының 3 айда тұтынатын газ мөлшеріне пара-пар.