Лос-Анджелесте Тесла көліктерінің көрмесі өтті

Лос-Анджелестегі мұражайда сирек кездесетін Тесла көліктерінің көрмесі өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».  

Мұнда 2012 жылдан бері шығарылған ерекше автомобильдер жұрт назарына ұсынылған.Олардың арасында бұрын соңды көрмеге шығарылмаған Тесла көліктері де бар. Шара қонақтары автокөліктердің ішкі құрылымымен, құрастыру процесімен таныса алады. Бұған қоса, көрмеге келген қауымның Масктің Хай-пер-луп және Спейс Икс жобаларымен танысу мүмкіндігі болды. Жоспарға сәйкес, экспонаттар келесі жылдың қазан айына дейін мұражайда тұруы тиіс.

 Майкл Боделл, Петерсен автомобиль мұражайының директоры:

- Көрмеге келген жұрт ерекше прототиптерді, концепт-карларды көреді, Тесла бренді аз уақыт ішінде қандай жетістікке жеткені туралы мәлімет алады. Әсіресе, электрификация ол өз алдына бір тарих. Көрмеде жалпы жобаның сәтті іске асу жолы айтылады. Осындай автокөліктер жақын арада нарықта үлкен сұранысқа ие болатынына еш күмәнім жоқ.