Бейжің жазбалары. «Кола» құтысынан тігілген көйлек
Қытай астанасы Бейжің қаласына жолымыз түскен бір сапарда қытай мәдениетінің бізге беймәлім тұстары жайлы жазуға тырыстық.
Кока коланың қалай пайда болғанын білесіз бе?
ХIХ ғасырда осы сусынның алғашқы 9 құтысы шыққан екен. Мұны ойлап тапқан технолог не ғалым емес, жәй дәріханашы. Ол ауруды басатын дәрінің рецептін айтып, көмекшісіне жасауды тапсырады. Бірақ көмекшісі байқаусызда төгіп алып, сода қосылып кеткенге ұқсайды. Мұның дәмі дәріханашыға ұнап, мұны дәрі емес сусын ретінде шығара бастаған.
Коланың өзіндік алғашқы құтысы 1915 жылдан бастап өндіріле бастаған екен. Қазір әлемде күніге 1 млрд 900 млн құты кола тұтынушысына жол тартады. Ал Шыңжаңдағы зауыт 1 минутта 300 құты кола өндіреді.
Өндірістің бас кеңсесі Бейжіңде. Компанияның 65 пайыз акциясына Қытай жағы, 35 пайыз акциясына КОКА КОЛА ие. Шыңжаң филиалы 2000 жылдан бері жұмыс істейді. Спрайт, пепси секілді сусындардан бөлек, шәй, шырын, иогуртты сусындардың да бірнеше түрін өндіреді.
Ең қызығы осы коланың бос қалған құтысынан киім, сөмке тігеді. Бір жейде немесе сөмкеге небары 10-15 бос құты жұмсалады.
Арман Әмен,
«Хабар-24» арнасының редакторы
(Басы мына жерде. Жалғасы бар)