Вице-премьер: Шабуылдың саяси астары бар
Словакияның Премьер-министрі Роберт Фицоға жасалған шабуылдың саяси астары бар. Бұл туралы вице-премьер мәлімдеді.
Қастандық Гандлова қаласында болған. Саясаткер үкімет отырысынан кейін тұрғындар алдына шыққан кезде белгісіз біреу оған қарумен шабуылдаған.
Үкімет басшысына екі оқ атылған. Бірі Фицоның кеудесіне, екіншісі ішіне тиген. Қазір Премьер-министр ауруханада жатыр. Оған шұғыл ота жасаған дәрігерлер өміріне төнген қауіп жоқ дейді.
Оқ атқан күдікті қамауға алынды. Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, қаскөй 71 жастағы жазушы және саяси белсенді болып шыққан.
Естеріңізге сала кетейік, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Словакия Премьер-министрі Роберт Фицоға жасалған шабуылды қатаң айыптайтынын айтқан болатын.