Бангладеште "Ситранг" дауылына байланысты жүздеген мың адам қауіпсіз жерге көшірілді. Дүлей жел бүгін елдің оңтүстік жағалауына сағатына 90 шақырым жылдамдықпен соғады деп күтіліп отыр. Осыған байланысты ел аумағында 3 миллион адамды паналататын 7 мыңдай қауіпсіз орталық ашылған. Жағажайға жақын қалалар мен ауылдарға алдын-ала іздестіру-құтқару топтары орналыстырылып жатыр. Ал ауа райын болжаушылардың хабарлауынша, дауылмен бірге қалың жаңбыр жауып, су тасқыны жүру қауіпі жоғары.