Түркістан музыкалық драма театрының директоры тағайындалды

Түркістан қаласы әкімдігінің Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі басшысының бұйрығына сәйкес Түркістан музыкалық драма театрының директоры болып Көпбасарова Айнұр Сайлаубайқызы тағайындалды.

Айнұр Сайлаубайқызы 1975 жылы 7 ақпанда дүниеге келген. 1990-1995 жылдары Жамбыл педагогикалық институтында филолог мамандығы бойынша білім алған. 1995-1996 жылдары Әл Фараби атындағы ҚазҰУ-да мамандығы бойынша магистратура, 1996-1999 жылдары аспирантурада жоғары білім алған.

–1999 ж. Филология ғылымдарының кандидаты (Тақырыбы: Абайдың лирикалық өлеңдерінің бейнелілігі және оның орыс тіліне аударудағы көркем табиғаты);

– 1999 ж. Азаматтық авиация академиясы, кафедра оқытушысы;

– 2000 ж. Әл Фараби атындағы ҚазҰУ-дың көркем аударма және әдеби шығармашылық теориясы кафедрасының оқытушысы;

– 2000-2010 ж. «Хабар» телеарнасының бас редакторы, продюсері, көптеген жобаның авторы;

– 2010 жылдан бері «А+А Idea fabric» ЖШС-нің бас продюсері әрі креативті директоры;

– «Bolashak Charity» қамқоршылар кеңесінің мүшесі;

– Фильмографиясы: «Я тебя люблю» фильмі мен «Армандастар» сериалы;

– «Құрмет» орденінің кавалері;

– Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің алғыс хатымен марапатталған.

Ақпарат көзі: Түркістан қаласы әкімінің баспасөз қызметі