Құрманғазы оркестрі 88-ші концерттік маусымын ашты

Құрманғазы оркестрі көрерменімен қауышты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрі 88-ші концерттік маусымын ашты. Кеш ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орай «Тарих толқынында» деген атпен өтті. Концертте тәуелсіздікті насихаттайтын шығармалармен қатар классикалық туындылар орындалды. Сондай-ақ кешке келген көрермендер арасында ұтыс ұйымдастырылып, жеңімпазға домбырашы, әрі қолөнер шебері Жолаушы Тұрдығұловтың домбырасы табысталды.

Айта кетейік, оркестрдің тарихы 1934 жылдан басталады. Қазір ұжымда 100-ге тарта адам еңбек етеді.

Алтынбек Ахметов, Құрманғазы атындағы қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптары оркестрі директорының орынбасары:

- Тәуелсіздігімізді жырлайтын осы көп туындылар, классикалық туындылар сіздерге жақсы бағдарламамен ұсынып отырмыз. Бүгінгі концерттің ерекшелігі, әлемге танымал скрипкашы, дирижер Марат Бисенғалиев ағамыз келіп отыр. Марат Бисенғалиевті біз симфониялық оркестрелрдің дерижері ретінде камера оркестрінің дирижері ретінде жақсы танимыз. Кітап палатасымен бірлесіп, кітап үйірмесінің бүгінгі Мәңгілік елдің мұрасы деген кітап көрмесін ұйымдастырып отырмыз.

Сондай-ақ...