Концерттер, көрмелер, спектакльдер: жақын күндері Нұр-Сұлтанда қандай іс-шаралар өткізіледі

Театр және концерттік маусымдардың басталуымен елорданың мәдени өмірі өзгеше қарқын алды. Қаланың мәдени мекемелері осы аптада барлық жастағы және талғамы әр түрлі  көрермендер үшін музыкалық кештер, қойылымдар, көрмелер ұйымдастырады. Сонымен қатар, 1 қазанда бүкіл әлемде Халықаралық қарттар күні атап өтіледі, осы күнге орай қалада арнайы құттықтау іс-шаралары дайындалды. Бұл ретте санитарлық нормалар мен карантин талаптарының сақталуы маңызды, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

М. Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры апталықты Г. Гориннің «Кин IV» трагикомикалық астарлы әңгімесімен бастайды. Спектакль 28 және 29 қыркүйек күндері сағат 19: 00-де кіші залда өтеді. Күндіз 11: 00 және 14: 00-де жас көрермендерге А.Болдиновтың «Приключения Аистенка» ертегісі ұсынылады. Келесі үш күн ішінде – 30 қыркүйектен 2 қазанға дейін театр әртістері Н.Гогольдің сүйікті «Женитьба» комедиясын көрсетеді.

Жастар театры 28 және 29 қыркүйек күндері сағат 19:00-де көрермендерді Б.Әлімжанның «Қарыз бен қаспақ» комедиясына шақырады. 30 қыркүйек күні сағат 12:00 және 14:00-де «Ұр тоқпақ» қазақ халық ертегісін көруге болады. 1 және 2 қазан күндері кешке Ж.Сомжүректің «Көзімнің қарасы» музыкалық драмасы көрсетіледі.

Елордалық қуыршақ театры осы аптада Г.Х. Андерсеннің «Русалочка» ертегісінің «Еще раз о Русалочке» мультфильмінің желісі бойынша қойылым дайындады. Қойылым 1 қазан күні сағат 16:00-де, сондай-ақ 2-3 қазан күні 12:00, 14:00 және 16:00-де көрсетіледі.

28 қыркүйекте Nomad City Hall-да У.Шекспирдің «Ромео-Джульетта» трагедиясымен IV маусымның ашылуы өтеді.

Елорданың мемлекеттік академиялық филармониясы 29 қыркүйек күні сағат 19:00-де Қазақстан халқы Ассамблеясы мен «Бабалар аманаты» бірлесіп ұйымдастырған «Қорқыт» этно-ансамблінің VII концерттік маусымының ашылуына шақырады. Кешкісін «Астана» КО сахнасында мұғалімдер күніне арналған концерт өтеді. 3 қазанда «Шалқыма» халық би ансамблі мен Беларусь Республикасының Мемлекеттік академиялық би ансамблі «Достық жолы» бағдарламасымен өнер көрсетеді.

Астаналық цирк 28 қыркүйекте өзінің Instagram-дағы ресми парақшасында (https://www.instagram.com/astanalyqtsirk/) «Цирки мира» айдарынан онлайн-іс-шара өткізеді, онда «Русская палка» цирк жанры туралы айтылады.

Елорданың орталықтандырылған кітапхана жүйесінің бөлімшелері де осы аптада қызықты да танымдық бағдарлама дайындады. 28 қыркүйекте үш кітапханада Мұхтар Әуезовтің өмірі мен шығармашылығына арналған іс-шаралар өтеді. № 3 бұқаралық кітапханада «Әдебиеттің алпауыты өр-Мұхтар» атты әдеби - тарихи кеш, ОҚК қызмет көрсету бөлімінде «Мұхтар Әуезов – судьба и его книги» атты дөңгелек үстел, №10 бұқаралық кітапханада «М.Әуезов – қазақ әдебиетінің тарланы» атты әдеби сағат өтеді.

29 қыркүйекте № 8 балалар кітапханасында «Всё интересное узнаешь, когда журналы о природе почитаешь!», №5 көпшілік кітапханаға жабық өсімдіктерді сүйетіндердің «Флора» клубы жиналады. №3 балалар кітапханасында аптасына 2 рет «Школа Солнца» шығармашылық мектебі өткізеді. 30 қыркүйекте № 5 бұқаралық кітапханада «Росток» бағбандар клубы ұйымдастырылады.

1 қазанда атап өтілетін Халықаралық қарттар күнінде қала кітапханаларында кездесулер, көрмелер және құттықтаулар өткізіледі. № 5 бұқаралық кітапханада «Қарттарым – алтын қазынам» атты рухани кездесу күні, сондай-ақ қарттар үйі мен ардагерлер клубына кітаптар сыйға тартылады. ОҚК қызмет көрсету бөлімінде бұл күні «Мудрость жизни-молодость души» атты көңіл – күй көрмесі өтеді. «Пусть осень жизни будет золотой» атты атаулы құттықтауды №4 балалар кітапханасының ұжымы ұйымдастырады, №8 балалар кітапханасы мен №12 бұқаралық кітапханада «Разгладим морщинки, согреем ладони» тәрбие сағатын өткізеді. Ал № 15 көпшілік кітапханада «Менің сүйікті атам мен әжем» атты суреттер көрмесін тамашалауға болады.

27 қыркүйекте Саяси қуғын-сүргін және тоталитаризм құрбандарының «Алжир» мемориалды-мұражай кешенінде «Борьба с терроризмом и экстремизмом» тақырыбында дәріс өтеді. Күндіз Целиноград ауданы кітапханасының мұрағаттарынан «Мұхтар Әуезов – қазақ халқының мақтанышы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылады. 28 қыркүйекте аудандық ІІБ-мен бірлесіп «Балаларды қорғаймыз» атты іс-шара ұйымдастырылады. Әлеуметтік желілерде музейдің ресми беттерінде АЛЖИР тұтқыны Гүляндам Қожанованың 120 жылдығына арналған инормациялық пост, «Саяси қуғын-сүргінге ұшыраған Қазақстанның халық комиссарлары» көрмесі жарияланады. 1 қазанда ұжым қарттар күніне орай Қазақстанға жер аударылған халықтардың өкілдерімен кездесу өткізеді.

Сәкен Сейфуллин музейінің Instagram және Facebook әлеуметтік желілеріндегі аккаунттарында да осы аптада көптеген қызықты ақпарат пайда болады. Оның ішінде-мұражай залдары бойынша дәстүрлі бейнеэкскурсия, с.Сейфуллиннің «Тернистый путь» романынан, Қазіргі қазақ әдебиетінің негізін қалаушы Т. Кәкішовтың өмірі мен шығармашылығы туралы еңбектерінен үзінділер, сондай-ақ «Қарттар халық қазынасы» онлайн-фото-көрмесі бар.

«Атамекен» Қазақстан Картасы этно-мемориалдық кешені әлеуметтік желілерде маңызды күндерді атап өтіп, қызықты және танымдық материалдарды жариялайды. Мәселен, әлеуметтік желілердегі мекеме беттерінде бүгін туризм күнінің пайда болу тарихы туралы айтылды, ал ертең «Музей Первого Президента» тақырыбына онлайн-экскурсия өткізіледі. 29 қыркүйекте мұнда «Казахское радио» мемлекеттік ақпараттық - танымдық радиосының құрылғанына 100 жыл, күндіз – Әділет қызметкерлері күні, 1 қазан – Қарттар күні, 3 қазан - Мұғалімдер күні атап өтіледі.

Естеріңізге сала кетейік, офлайн форматта өткізілетін барлық іс-шаралар санитарлық нормаларды қатаң сақтай отырып ұйымдастырылады: бетперде кию, әлеуметтік қашықтық және қол гигиенасы сақталады.