Павлодар маңындағы ежелгі қорғандар зерттеліп жатыр

Ертіс өңірінің ғалымдары Павлодар маңындағы қорғандарда қазба жұмыстарын жүргізді. Биылғы археологиялық маусымда бірнеше қорым қатар зерттелді. Себебі халық көп шоғырланған әрі республикалық жолдың маңындағы ескерткіштер зақымдалуы мүмкін. Қорымдар кешені Қазақстан тарихы үшін бағалы материалдарға бай. Жазда қандай жәдігер табылды?

Қорымдар кешені Павлодар маңындағы Кенжекөл және Байдала ауылдарының маңында орналасқан. Ондаған ескерткіштер тізбегі бірнеше шақырымға созылған. Қимақ-қыпшақ кезеңдеріне тиесілі тарихи ескерткіштер 9-10 ғасырларда пайда болған деген болжам бар.

Ерғазы Төкенов,  археологиялық орталықтың инженер-зертханашысы:

- Бұл, иә, тоналған. Аты мен адамның сүйектері табылды. Әлі қазып жатырмыз. Тоналған кезде адам мен аттың сүйектерін қопарып жіберген. Ішінде болған заттарды барлығын алып алған тонаған кезде.

- Данный настил собран без единого гвоздя. Обратите снимание на эти отступы. Они тоже деревянные...

Қимақ тайпасының өкілі жерленген бұл орын бұзылмаған. Ғалымдардың айтуынша, дала топырағы құнды жәдігерлер мен сүйек қалдықтарының жақсы сақталуына сеп болған. Ерекшелігі сол, төрт метрлік тереңдіктегі қорымның ішінде ағаш бөлшектері табылды. Материал табытты ретінде пайдалануы мүмкін. Осы тектес жәдігер бұрын-соңды кездеспеген.

Елена Тушева, археолог-ғалым:

- Қорымдарды қорғау мақсатындағы қазба жұмыстары жалғасын табуда. Бұл № қорған. Осы жерде орталық және шетте орналасқан молалар шоғырланған. Ортасында адам сүйегі бар, ал шетінде жылқы сүйектері көмілген. Бұған қарағанда мола дәулетті адамға тиесілі деуге болады. Кірпіш қалдықтары да бар. Осындай жерлеу дәстүрі қазақ хандығы дәуіріне дейін жалғасқан.

Қимақ кезеңіне жататын қорымдар алғаш рет өткен ғасырдың 60-жылдары ашылған. Бірақ зерттелмей қалған. Кешенді қазба жұмыстары соңғы жылдары жанданған.

Әлібек Қабылдин, археологиялық орталықтың қызметкері:

- Топырақ органикалық заттарды сақтауға мүмкіндік береді. Бұған дейін ағаш, жібек материалдары табылды. Биыл да ағашпен бірге жерленген адам сүйегін таптық. Біз үшін ерекше дүние. Қазба жұмыстарын бірнеше аптадан соң аяқтаймыз. Кейін жұмыстарымызды зертханаларда жалғастырамыз.

Мамандардың айтуынша, артефакт алдымен балауызбен жалатылып, зертханаға әкелінеді. Бұл технология жәдігерді қиратып алмай, құнды мәліметтерді жинақтау үшін керек. Айта кетейік, бұған дейін Павлодар маңынан дөңгелекті арба табылған. Бұл да отандық тарих ғылымы үшін бірегей дүние.

Ақмарал Есімханова, Марат Игіліков