Павлодар облысында республикалық ақындар айтысы өтті

Екібастұздағы «Өнер» қалалық мәдениет сарайында ұйымдастырылған республикалық айтыс «Тұғыры биік – Тәуелсіздік» деген атаумен өтті, деп хабарлайды Хабар 24. Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Жыр додасын ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Атамұра» мәдениет орталығы Екібастұз қаласы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылды. Айтыста Павлодар, Қарағанды, Шымкент, Өскемен, Екібастұз қалаларының және Баянауыл ауданының ақындары бақ сынады.

Айтыс қорытындысы бойынша бас жүлдені керекулік ақын Қуаныш Шарманов жеңіп алып, 700 мың теңгені қанжығасына байлады.